Түркияның Эрзинджан провинциясында көшкін жүріп, алтын өндіретін шахта опырылды. Жұмысшылар үйінді астында қалып қойған, қазір оларды іздеу жұмыстары жүріп жатыр,- деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі nur.kz сілтеме жасап.
Эрзинджан провинциясының губернаторы Хамза Айдогдудың сөзіне сілтеме жасаған РИА Новости мәліметінше, Илич аймағындағы шахта маңында топырақ көшкіні жүрген. Салдарынан кеніш опырылған.
"Жұмысшылар үйінді астында қалды, олардың нақты саны белгісіз. Басқа провинциялардан келген топтар іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіп жатыр", - деді губернатор NTV телеарнасына.
Шахта басшысы Анагольд баспасөз хабарламасында оқиғаны растап, үйінді астында қалған жұмысшыларды іздеуге оның төтенше жағдайлар қызметі де қатысып жатқанын атап өтті.
Компанияның сайтында бұл кеніштің 2010 жылғы желтоқсаннан жұмыс істей бастағаны жазылған.
Сонымен қатар TRT Haber басылымының хабарлауынша, Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая тоғыз жұмысшымен байланысу мүмкін болмай отырғанын хабарлады.
Эрзинджан губернаторы Мысырға ресми сапармен барған Түркияның ішкі істер және энергетика министрлері қазір оқиға орнына шұғыл аттанғанын айтты.
"Олар осы жерге келеді. Қазір барлық команда оқиға орнында. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біздің ел барлық ресурсты жұмылдырды", - деді Хамза Айдогду.