Жаңаарқада кітапханадан шу шықты...

https://zhanlib.gov.kz/

Қарағанды мен Ұлытау екі облыс болып бөлінгенімен ол жақтағы мәселелер бойынша жұрт редакциямызға әлі де хабарласады. Сондай хаттың бірі Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұжымынан келіп түсті. Бұл кісілердің видео үндеуін әуелгіде әлеуметтік желілерден де көрген болатынбыз. Назарларыңызға хаттың мәтінін бір әріпін де өзгертпей ұсынбақпыз.

«Шынар Түлкібайқызы бізге қысым көрсетуге тырысып жатыр, үйді үйлерді аралап, қалаған нәрсенді беремін деп айтуда. Әсемге кеше кешке анасын ертіп келіп, видеоға түсіріліп жатқанын көріп, анасын тастап қашып, соңынан олар машинаға мініп қашып кетті(Дәлел ретінде видеожазба бар).

Сондай-ақ, Шынар Түлкібайқызы қалада ауруханада жатқан әріптесімізге келінінің шотынан 50 мың теңге аударды (пара беруге тырысты). Оның қан қысымы көтерілуіне жеткізген де осы Шынар Түлкібайқызы. Жұмыс уақытында құлаған әріптесімізді жедел жәрдем алып кетіп,  шұғыл түрде ауруханаға жатқызды. Барлығы құжатталған.  Қазір ол қалада тексеріліп жатыр, барлық медициналық анализлері нашар. Әріптесіміз ауруханаға түскеннен кейін Шынар Түлкібайқызы мүлдем ауруханаға бармай, тіпті қалын біліп қоңырау да шалмаған. Енді шу басталғаннан кейін қимылдап, әріптесімізді шағымданбауына және еш жерге жазбауға көндіргісі келеді. Бірақ әріптесіміз соңына дейін баруға дайын, өйткені шыдамдылық толығымен бітіп, денсаулығына нұқсан келтірді.Келінінен түскен 50.0 мың теңгенің чегінің дәлелі бар, ол ақша анасы Зиякүлге қайтарылды.

 

Егер ол өз еркімен кетпесе, онда біз антикорға және басқа органдарға жүгінуге мәжбүр боламыз және біз Президентке дейін жетеміз. Оны лауазымынан босату туралы шешім неғұрлым кешіктірілсе, соғұрлым оның барлық адамгершілікке жатпайтын істері анықтала береді. Біз соңына дейін барамыз, өйткені бізге өзі жұмыс істемейтін және ұжымға тыныш жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейтін директор қажет емес.

 

Егер ол таза болса, ол үйлерге бармас еді және өзін қорламас еді.... Егер ол таза болса, ол камераны көргенде қашып кетпес еді.

Сонымен қатар 2023ж. 05.04. күні әкімшіліктен құралған комиссияның қатысуымен ұжымдық жиналыс өтті. Жиналыс барысында аппарат басшысы Бекназ Сапарғалиұлы  біздің кітапхананың алдына видеоға түсіп және сол видеоны әлеуметтік желіге жариялағанымызды заңсыз деп өтірік айтып қорқытып отыр. Міне бізді қорқытып, қыспаққа алып отыр. Сонда комиссия объективті түрде шешім қабылдайды деп ойлайсыз ба? Біздің құқығымыз тапталып жатыр. Сонымен қатар кешегі жиналыстан кейін әріптесімізге өзін белсенді көрсетті деп қорқытып, қысым көресетуде. Мына 21 ғасырда, Жаңа Қазақстан құрамыз деп отырып халықты қорқытып отырғандары несі?  Әділдік қайда?  Жаңаарқада жемқорлық тереңге кетіп қалған екен. Біздің құқығымызды кім қорғайды, кімге сенеміз?», делінген хат мәтінінде.