Айзада Мүптілдә ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Ашық дереккөз

Қазақстандық спортшы Айзада Мүптілдә Бейхрейндегі ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Спортшы 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, деп хабарлады Olympic.kz.

Қос сайыс қорытындысы бойынша ол 277 (120+157) келіні көтерді.

Екінші орынды Нурул Акмал (Индонезия) иеленді – 267 (114+153) келі.

Тағы бір қазақстандық – Любовь Ковальчук 266 (115+151) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды.