Димаш "Болашақ" стипендиясының иегері атанды

Ашық дереккөз

Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Танымал әнші мемлекет есебінен шетелде оқуға мүмкіндік алған 178 қазақстандықтың бірі болды. Оның ішінде 93 адам АҚШ-тың, 47 адам– Ұлыбританияның және т. б. жоғары оқу орындарында білім алады.

Биылдан бастап "Болашақ" бағдарламасы инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша кадрларды даярлауға басымдық береді.

Айта кетсек, "Болашақ" стипендиясының иегерлері әлемнің 20 елінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді.