Қазақстанда университеттердегі профессорлар мен оқытушылар үшін ең төменгі жалақы белгіленді

Pixabay

Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында профессор-оқытушылар құрамы үшін ұсынылатын ең төменгі жалақы мөлшері анықталды, - деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, штаттағы профессор-оқытушылар құрамы үшін ұсынылатын ең төменгі жалақы мөлшері:

оқытушыға – 240 000 теңге;

аға оқытушыға – 276 000 теңге;

қауымдастырылған профессорға – 312 000 теңге;

профессорға – 420 000 теңге;

ұлттық ЖЖОКБҰ-ы профессорына – 480 000 теңге.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне бұйрықты ЖЖОКБҰ атқарушы органы басшыларына жеткізу тапсырылды.

Өз кезегінде, ЖЖОКБҰ-ның атқарушы органы басшыларына осы бұйрықты басшылыққа алу және оның 2023 жылғы 1 шілдеден бастап орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.