Павлодарда мектеп оқушысы сыныптасының мойнын кеңсе пышағымен осып жіберген

Ашық дереккөз

Павлодардағы мектепте пышақ жарақатын алған 13 және 14 жастағы оқушылар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап

Облыстық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, оқиға 14 қазанда орын алған. Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілген жеткіншектердің бірінің саусақтары, екіншісінің мойны, беті, желке және білегі кесілген. Тексеру мен медициналық көмектен кейін балалар амбулаторлық емге ауыстырылып, үйлеріне шығарылды.

Жедел жәрдем алып кеткен балалар 8-сынып оқушылары болып шықты. Сыныптастарының ата-аналары оқушылардың бірі кеңсе пышағымен екіншісіне шабуыл жасап, кейін өзін жарақаттағанын айтады. 

Оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы бұл әзірге түсініктеме берген жоқ.