Мақсат Ақанов -  «Алтын домбыра» иегері

Азаттық радиосы

 

Астанада өткен «Алтын домбыра» айтысында жерлесіміз Мақсат Ақанов «жүзден – жүйрік» атанып, бас бәйгені жеңіп алды, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі.  Кешеден бері елорда төрінде алты алаш елеңдей күткен өнер додасы да мәресіне жетті. Ақтық сында Мейірбек Сұлтанханмен сөз бәсекесіне шыққан жерлесіміз тәмам жұртты тапқырлығымен тәнті етіп, мерейі үстем болды. Мақсат ақынды осы зор табысымен құттықтай отырып, өнердегі жұлдызы биіктерден жарқырай берсін деген тілек білдіреміз!

Айта кету керек, тағы бір жерлес ақынымыз Дидар Қамиев жуырда ғана Атырауда өткен халықаралық айтыста бас жүлдені қанжығасына байлаған еді.