«Үш жасымда әкемді атып кетті» - Бауыржан Сатов

скриншот

Белгілі актер Бауыржан Сатов «Podcast Urpaq» ютуб каналына берген сұқбатында әкесінің өлімін еске алды. Актердің айтуынша, әкесін бала күнінде атып кеткен екен.

«Әкем 24 жасынды үйімізді салып болғаннан кейін қайтыс болды. Ол кезде мен 3 жаста едім. Әкемді анамның көзінше атып кетті. 3 жаста болсам да, сол кездегі кейбір сәттер есімде қалыпты. 92 жыл болатын. Әжем кішігірім сауда жасайтын. Сол түні ішіп алған адамдар келіп, әжемнен заттар сұраған, әжем бермеген. Олар әжемді боқтаған. Оны естіген әкем олармен төбелесіп, қуып жіберген. Біз ұйқыға кеткенде олар қару алып келіп, алдымен итті, кейін әкемді атып тастаған», деп еске алды актер.

Сондай-ақ Бауыржан Сатов әкесінің өлімінен кейін біраз уақыт қорқынышпен өмір сүргендерін айтады.

«Сол күнгі оқиғалардан анам қатты стресс алды. Тіпті әкемінің артынан ауруханаға кеткенде үйді балалар қалғанын ұмытып кеткен ғой. Есіне түсіп, үйге оралғанда,  3 жасар мен 8 айлық інімді қолыма алып, теңселіп отыр екем.Жалпы әкемнің өлімінен кейін біраз уақыт қорқынышпен өмір сүрдік. Анамның әлі күнге дейін жүрегі ауырады», деп еске алды Бауыржан Сатов.