Ташкентте Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми кездесу өткізу үшін халықаралық конгресс орталығына келді.

Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі халықаралық конгресс орталығында өтті.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары орындалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.