1 қыркүйектен бастап президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу басталады

ашық дереккөз

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу басталады. Құжаттарды қабылдау pkrezerv.gov.kz сайтында жүзеге асырылады. Қабылдау 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Іріктеуге 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Жоғары білімі, мемлекеттік тілді білуі (сертификаты B1 деңгейінен төмен емес) және жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы міндетті.

Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;

- агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;

- сыртқы саясат және инвестициялар;

- экономикалық және қаржылық саясат;

- цифрландыру;

- әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.

Іріктеу алты кезеңнен тұрады:

- құжаттарды тапсыру;

- үміткерлердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;

- ситуациялық есептерді шешу қабілеттерін бағалау;

- құзыреттілікті бағалау (Assessment Center және HR-сұхбат);

- Сараптама комиссиясымен әңгімелесу;

- ұлттық комиссияның отырысы.

Қортындысы бойынша резервке 50 үміткер іріктеледі. Жеңімпаздар туралы хабарландыру 2023 жылдың желтоқсанында өтеді.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі