Пентхаус, зауыттар мен фабрикалар: Байбек отбасының байлығы

Орда.кз

Қыдырғали Байбек қазақстандықтарға Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әкесі және Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы ретінде танымал. Бәйбектің айтуынша, әкесі бүкіл өмірін темір жолға арнаған. Бірақ, зейнет жасында болсада Қыдырғали ақсақал (82 жаста) бизнеспен белсенді айналысады. Оның меншігінде Астана мен Алматыда бірнеше қымбат баспана бар.

Бауыржан Байбекті 2015 ең үлкен қаланың әкімі етіп Нұрсұлтан Назарбаев тағайындады. Байбек алып қаланы төрт жыл басқарды. Осы уақыт ішінде оның әкесі Алматының таңдаулы аудандарыннан бірнеше пентхаус сатып алған.

Ұлының қала басшысы қызметіне кіріскенінен төрт ай өткен соң, Байбектің әкесі өзіне Esentai Apartments тұрғын үй кешенінің 16 және 17 қабаттарынан екі деңгейлі пентхаус сатып алды.

Тұрғын үй кешенінің сайтында Esentai Apartments әлемдік брендтер  орналасқан ең элиталы нысан деп көрсетілген. Пәтерлер мен пентхаустардың терезелерінен көздің жауын алар Алматы таулары мен мегаполистің әдемі жерлері көрінеді.

Сондай-ақ, Бауыржан Байбек әкім болған кезде отбасымен бірге Esentai Apartments-те тұрған. Бір қызығы , 2016 жылы Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін 8:00 және 19:00-де Әл-Фараби даңғылымен жүру мәселесі туындаған еді. Себебі сол уақыттарда даңғыл боймен Бауыржан Бәйбек жүріп өтетін болған.

Krisha.kz сайтындағы деректер бойынша, Esentai Apartments бір шаршы метрінің құны 1,5 млн теңгеден басталады. Қазір 496 шаршы метрлік 7 бөлмелі пәтер 860 млн теңгеге сатылуда. Ал 2015 жылы элиталы аудандағы пентхаус Қыдырғали Байбекке 507 661 000 теңгеден – шаршы үшін 1 045 000 теңгеден сатылды.

Қыдырғали Байбек пәтерді тікелей сатып алмаған, ол үшін сенімді тұлға – Тимур Әбіловты пайдаланды.

Тимур Әбілов Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек сияқты "Болашақ" бағдарламасымен шетелде оқығанын атап өткен жөн.

Тағы бір қызықты ақпарат - Тимур Әбілов Nur Otan партиясы Орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі қызметінде болған. Сол кезеңде Бауыржан Байбек билеуші партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымында еді.  

Әбіловтың түйіндемесінде бірнеше жұмыс орны көрсетілген: Қарағанды әкімінің аппараты, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі, сонымен қатар ол Президент Кеңсесінің кеңесшісі және инспекторы болды.

Әбілов соңғы рет Алматы қаласының бұрынғы әкім Бауыржан Байбектің орынбасары қызметінде болған. Ол Бақытжан Сағынтаев келгеннен кейін бірнеше айдан соң кетіп қалды.

Тимур Әбіловты Алматының экс-әкімінің жақсы танысы ғана емес, сонымен қатар бизнес серіктесі де болған. Дәлірек айтқанда, оларды "Arai Pro"ЖШС тау-кен байыту комбинаты байланыстырады. Кәсіпорын Қазақстан мен Ресейдің керамикалық және цемент зауыттарында сұранысқа ие саз бен каолин шикізатын өндірумен айналысады.

Осындай табысты бизнес Қыдырғали Байбектің қолына шамамен "Arai Pro" ЖШС жарғылық капиталының үлесін Тимур Әбіловтың сатуы арқылы түсті.

Жоғарыда тізбектелген мүліктер Байбековтер отбасы меншігінің бір бөлігі ғана. Атап айтқанда, әкесіне қатысы бар мүліктер. Байбектің басқа да туыстары мен балалары жетерлік.

 

 

 

Дереккөз: Орда.кз порталы