«Сен чертсың ба»: Бекболат Тілеуханов Ринат Зайтовқа

скриншот

Айтыскер ақын Ринат Зайытов қазақтілді сайттардың біріне сұхбат беру барысында экс-депутат Бекболат Тілеуханға қатысты пікір білдіріп, қанды қаңтар оқиғасы жайлы жақсы біле тұра, бір ауыз ескертпестен елден кетіп қалды деген еді.

Бүгін Бекболат Тілеухан өзінің айтыскер бауырына ренжіп пост жазды.

Ол өз сөзінде Ринаттың айтқан сөздерінің жала екенін атап өтті.

«Самал Ыбыраева мен Ринат Зайтовтың кешегі сұхбаты осы әңгімені айтуға мәжбүр етіп отыр. Қазақ «өкпеге қиса да, өлімге қимайды» деуші еді ағайынды. Ринат, бауырым өлімге қиды. Қанды қаңтар оқиғасын білді, біле тұра бізге айтпады, деп сұмдық жала жапты», - дейді Тілеухан мырза

Сондай-ақ экс-депутат өзіне басқаша сөйлеп, сыртқа басқаша сұқбат берген Ринатқа өзіне көп соқтықпауын ескертті.

«Менің көзімді құртуға тырыссаңдар, сол нәрсе айналып өздеріңе келеді. Тарихтың заңдылығы солай, қайталанып отырады. Ол мәселеден қатты байқаңдар. Қазақ, қазақ деп ұлтқа жаның ашығанда, жүрегің аузыңнан шығып кетейін деп тұр, ал істеген шаруаң мынау. Бұл не екі жүзділік па, тексіздік па, ана кластасың айтпақшы, ішіп-шегіп алып айта беретін терпиласың ба, чертсың ба, бұны қалай түсінуге болады. Осынша популизмнің құлы болуға бола ма екен», деді ашынған Бекболат Тілеухан.