Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 235 турнирі аясында жеңіліп көрмеген қазақстандық Азат Мақсұм (17-0) америкалық промоушендегі екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Қазақ спортшысының қарсыласы бұрын Жалғас Жұмағұловты жеңген америкалық Чарльз Джонсон болды (13-6).
Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен америкалық спортшының мерейі үстем болды.
Осылайша, Азат Мақсұм мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Сонымен қатар, Азат Мақсұм мен Чарльз Джонсон кештің үздік жекпе-жегі үшін бонус алады. Екі файтер де 50 мың доллар көлемінде сыйақыға ие болады.
Сондай-ақ, Молли МакКенн мен Рэнди Браун да кеште үздік өнер көрсеткені үшін 50 мың доллардан алады.