BANNER

Қарағандылық конькимен жүгіруші әлем кубогында қола жүлдеге ие болды

Сурет: qaz.iceteam инстаграм парақшасынан

Қарағандылық конькимен жүгіруші Екатерина Айдова Қазақстан әйелдер құрамасының құрамында ересектер арасындағы әлем кубогында қола медаль жеңіп алды. Бұл Қазақстан тарихындағы командалық спринттегі алғашқы жүлде, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Жарыс Квебекте (Канада) өтті. Командада тәжірибелі Екатерина Айдова, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Алина Дауранова және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының чемпионы Инесса Шумекова ел намысын қорғады.

Спортшылар алғаш рет осы құраммен өнер көрсетті. 1: 29.16 нәтижесімен қыздарымыз қола жүлдеге қол жеткізді.

Нидерланды құрамасы алтын, Польша құрамасы күміс жүлдеге ие болды.