Қазақстандық жас семсершілер әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды

Фото: unsplash.com

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді,- деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі stan.kz сілтеме жасап.

Швейцарияда өтіп жатқан байрақты бәсекеде Богдан Лукин, Алексей Касаткин, Кирилл Проходов бастаған семсершілеріміз әлем чемпионатының финалына шығып, күмісті місе тұтты.

Отандастарымыз жартылай финалда америкалықтардан басым түскенімен, алтын жүлде үшін сында Венгрия құрамасына есе жіберді. 

Айта кетейік, Богдан Лукин мен Алексей Касаткин бір ай бұрын Бахрейнде өткен Әлем кубогінде де күміс медаль иеленген еді.