BANNER

Килиан Мбаппе – "Реал Мадрид" ойыншысы

Фото: Real Mardid

Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе «Реал Мадрид» футбол клубының ресми ойыншысы ретінде таныстырылды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ke сілтеме жасап.

Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

«Бәріне сәлем! Мен сіздермен испан тілінде сөйлесуге тырысамын. Мен өте бақыттымын, арманымды орындадым. Мен президент Переске алғыс айтқым келеді, ол маған бірінші күннен сенді. Рақмет сізге! Мен осындамын, мен Мадридтің ойыншысымын!», – деді Мбаппе.

25 жастағы шабуылшы клуб президенті Флорентино Перестен жейде алып, «Реал Мадрид» ойыншысы ретінде алғаш рет «Сантьяго Бернабеу» алаңына шықты. Мбаппе клубпен бес жылдық келісімшартқа отырды және Париж Сен-Жермендегі жеті маусымнан кейін, еркін агент ретінде Испанияға көшті. Оның ауысуы үшін гонорары шамамен 100–120 миллион еуро болды.

Реал Мадридте ол 9-шы нөмірді алды. Бұл нөмірді бұрын Карим Бензема, Криштиану Роналду, Раймонд Копа және Альфредо Ди Стефано сияқты жұлдыздар киген, олардың барлығы клубта болған кезінде Алтын допты жеңіп алған.