«Астана» қатарынан үшінші рет жеңіске жетіп, үздік алтылыққа көтерілді

vtb-league.com

ВТБ лигасының кезекті матчында «Астана» өз алаңында «Минск» командасын жеңді.

Елордада өткен ойын 78:74 есебімен астаналық баскетболшылардың пайдасына аяқталды.

Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы алаң иелері сапындағы Карвел Андерсон болды – 17 ұпай.

ВТБ Біріккен лигасы

«Астана» - «Минск» - 78:74 (15:18, 15:20, 21:15, 27:21).

Енді «Астана» келесі ойынын 19 қарашада «ПАРМА» командасына қарсы өткізеді.