Қолында билет болса да, есіктегі тексерушілер бұл билеттердің қолданылғанын, оған дейін дәл сол билетпен басқа келуші кіріп кеткенін айтқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
“Алыпсатарлардан JLO-ның концертіне 2 билет сатып алдық. Сағат 16:00 келіп алып, кіргізу басталғанын күтіп тұрдық. Бірақ кірерде біздің билеттердің қолданылғанын, басқа келушілердің кіріп кеткенін білдік. Жанымда 200 мың теңгеге билет алып, кіре алмаған тағы 3 әйел тұрды. Олардың билеттері де қолданылған болып шықты”, – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Билетті сатқан алыпсатарлар “бірінші есікке барыңыз, тыныш өтіңіздер”, “бірінші күзетші қаталдау” деген секілді сылтаулар айтқан. Алайда келушілер бәрібір концертке кіре алмапты.