Жапонияның Осака қаласында ЭКСПО көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. Көрмеде әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Сол сәтте жапон азаматы сахнаға шығып, Қазақстан әнұранын қазақ тілінде орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.