Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев тыңдарман қауымға жақсы жаңалығын айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Эстрада жұлдызы өнердегі бағын ашқан “Бозторғай” әніне қатысты сөз қозғады.
“Ақын Әбдірахман Асылбековтің сөзіне жазылған, Алтынбек Қоразбаев көкемнің “Бозторғай” әні 36 жылдан кейін елмен қайта қауышып отыр. Ақберен Елгезек досымның түсірген “Болмаған балалық шақ” фильмінің саундрегі ретінде ұсынып отырмыз. Қабыл алыңыздар! Баршаңызды осы бір ойлы, тәрбиелік мәні зор фильмді бала-шағаларыңызбен бірге барып көруге шақырамын, ағайын!”, – деп жазды әнші.