Ақтөбе әуежайы су тасқыны салдарынан уақытша жабылды

pixabay.com

Ақтөбе әуежайынан әуекемелердің ұшып шығуы мен ұшып келуі уақытша шектелді. Себебі Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе әуежайын су басты. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

"Ұшу-қону жолағын тазарту жұмыстарын жүргізуге байланысты әуежай таңғы сағат 06:30-дан 17:00-ге дейін жабылады", - делінген әуежайдың Instagram парақшасында таратқан хабарламасында.

Рейстер кестесі туралы ақпаратты білу үшін әуежайдың немесе әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтеріне хабарласу керек.