BANNER

Ақтөбеде кепілге алынған әйел ауруханадан шығарылды

Фото: SputnikKZ

Ақтөбеде 13 қаңтарда кепілге алынған әйел ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды өңірдің денсаулық сақтау басқармасы, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

"Науқас жалпы жағдайы мен денсаулық көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты үйіне шығарылды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Ол жабық бас жарақатын алған және қолдарында пышақ жарақаты болған. Әйел ауыр психологиялық күйде, ол ата-анасының қайтыс болғанын жақында ғана білді.

Айта кетері, 13 қаңтарда Ақтөбеде ер адам жеке меншік үйде әйелді кепілге алған. Полиция алдымен келіссөз жүргізіп көрді. Бірақ артынан арнайы операция өткізуге шешім қабылдады. Әйелді босатылды. Күдікті де ұсталды. Ал жөртеледе кепілген алынған әйелдің ата-анасы табылды. Оларда пышақ жарақаттары болды. Біреуі жәрдем жәрдем көлігінде көз жұмса, екіншісі ауруханада қайтыс болды.