BANNER

Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апаты: Үндістаннан келген студенттер қаза тапты

Фото: ИИ Canva

Алматы облысында көлік апатынан Үндістаннан келген студенттер қаза тапты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Полицияның хабарлауынша, оқиға Алматы – Бішкек автожолының 86-шақырымында болған. Қазір қылмыстық іс тіркелді.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Alphard автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлікті аударып алған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы кейін медициналық мекемеде қайтыс болды. Тағы үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Үндістанның Астанадағы елшілігі қайғылы оқиға 6 қаңтарда болғанын хабарлаған. Дипломатиялық өкілдіктің мәліметінше, көлікте Үндістанның бес азаматы болған: Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының төрт студенті және бір турист. Олар Шымкенттен Алматыға бет алған. 

Екі адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы үшеуі ауыр жарақат алып, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.