BANNER

Атақты Ла Крузды тізе бүктірген қазақстандық боксшы мансабын аяқтады

Фото: Life09

Бокстан әлем чемпионы, ұлттық құраманың белді мүшесі Бекзат Нұрдәулетов әуесқой бокстағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұны спортшының өзі растады.

 "Әуесқой бокстағы мансабымды аяқтадым. Себебі жарақатым бар. Алайда алдағы уақытта кәсіпқой бокста өнер көрсетуім мүмкін", – деді Бекзат Нұрдәулетов.

Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылғы әлем чемпионатының финалында Олимпиада чемпионы, атақты Хулио Сесар Ла Крузды жеңіп, әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Сол жылы оған "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағы беріліп, Мемлекет басшысының Жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталды. Сонымен қатар ол Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы атанды.

Бекзат Нұрдәулетов жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, ал 2024 жылы Азия чемпионатында топ жарды.

Сондай-ақ ол 2020 жылғы Токио Олимпиада ойындарына қатысып, 1/8 финалға дейін жетті. Әуесқой бокстан бөлек, кәсіпқой рингте де өнер көрсетіп, WBO Youth нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы атанған.