BANNER

Айбек Дәдебаев Президенттің Іс басқарушысы болып тағайындалды

Айбек Дәдебаев Президенттің Іс басқарушысы болып тағайындалды

Айбек Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы лауазымына тағайындалсын» делінген Президент жарлығында.

Бұған дейін Айбек Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып жұмыс істеген.

Сондай-ақ Парламент Сенаты төрағасы хатшылығының меңгерушісі және Президент кеңсесі бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы лауазымынан босатылды