Оқиға Алматыда 6 ай бұрын болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Жекеменшік балабақшаның 20 жастағы қызметкері баланы ұрып, аузын жауып, тұншықтырған. Бала босап шықпақ болған, бірақ тәрбиеші баланың аяғынан ұстап алған. Жағдай кезінде басқа қызметкерлер де бөлмеде болған. Алайда ешбірі көмектеспеген.
Сотта тәрбиеші баланың әкесінен кешірім сұрап, көзіне жас алды. Дегенмен сот оны 4 жылға соттады. Сондай-ақ 10 жыл бойы балалармен жұмыс істеуге тыйым салды.