Беларусь бітімгерлері мінген 10 ұшақ Қазақстаннан ұшып шықты

Беларусь бітімгерлері мінген 10 ұшақ Қазақстаннан ұшып шықты

Беларусь елінің бітімгерлік күштері мінген ҰҚШҰ-ның 10 ұшағы Қазақстан аумағынан ұшып кетті. Бұл туралы  "Алматы трагедиясы" Telegram каналы хабарлады.  

«Армения мен Тәжікстанның бітімгерлер контингенті РФ Әуе-ғарыш күштерінің ұшағымен өздерінің тұрақты қызмет орындарына оралады. Олардың бөлімшелері жеке құрам мен техникаларын ұшаққа орналастырып жатыр. Ұшақтар Жетішек және Алматы аэродромдарынан ұшып шығады»,-делінген хабарламада.