Арбатта ән салған кішкентай талант елдің жүрегін елжіретіп, көптің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Өнерпаз “Любовь уставших лебедей” әнін жоғары деңгейде орындаған.
Әділ Бектұрсынның жасы –8-де. Опера әншісі болуды армандайды. Жалпы білім беретін орта мектепте 3-сыныпты бітірген. Оған қоса №7 Құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектептің 1-сыныбын аяқтаған. Ол 3 жасынан бері ән салады. Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын жақсы көреді.
Желі қолданушылары да бүлдіршіннің өнерін шынайы бағалады.
"Димаштың көзіне түссе екен”, "Дауысы қандай әдемі, нағыз талант", "Продюсерлер қайдасыңдар?", "Димаш ағасы сияқты жүрекпен айтып тұр", "Кішкентай болса да қандай күрделі әнді айтып тұр", "Бағың жанып, биіктерді бағындыра бер", – деп жазды көпшілік.