Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды LIFE09 Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,35 теңгеге көтеріліп, 474,19 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 15 қыркүйектегі ресми бағамы - 473,91 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сату бағамы 473,76 теңге, сатылым - 477,92 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 473,43 теңгеден сатып алып, 477,49 теңгеден сатады.