Ластаушы дақтың аумағы – 82 шаршы шақырым, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. "Каспийдегі мөлдір әлем" жобасының қатысушылары Sentinel-1A радиолокациялық фотосында үлкен фрагменттік дақ тіркелгенін айтты. Ол мұнай немесе балық аулау қалдықтары болуы мүмкін.
Дақ Қазақстан және Әзірбайжан секторларын қамтитын Құрық портынан Бакуге дейінгі кеме қатынасы бойымен созылып жатыр.