BANNER

Елордада заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер анықталды

Сурет: depositphotos.com

Астанада заңсыз салынып жатқан 37 көпқабатты тұрғын үй анықталды, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Бас прокуратураның Telegram-дағы ақпаратына сәйкес, жекелеген компаниялар үлескерлердің ақшасын заңсыз тартады.
Осы негіздер бойынша биылғы жылы аталған заң бұзушылықтар үшін ӘҚБтК-тің 320-бабымен 64 құрылыс нысаны бойынша 51 құрылыс салушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

12 құрылыс салушыға қатысты қылмыстық іс тергелуде.
Астана қаласының прокуратурасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесі тәсілдердің бірімен ұйымдастырылатынын еске салады:

Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының (Қазақстан тұрғын үй компаниясы) кепілдігін алу;

екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;

ғимараттың қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

Азаматтардың қаражатын басқа тәсілдермен тартуға тыйым салынады (алдын ала брондау шарты, брондау, инвестициялау, талап ету құқығын басқаға беру).