BANNER

Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзғаны үшін 43 адам қамауға алынды

Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзғаны үшін 43 адам қамауға алынды

Қарағанды облысында қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Облыс коменданты Ерлан Файзуллиннің ақпараты бойынша, өткен тәулікте полицейлер 13 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады.

ТЖ режимін бұзғаны үшін 43 адам әкімшілік қамауға алынды. Тоғыз бұзушыға айыппұл салынды, 335 ескерту жасалды.

Полиция қызметкерлері 21 тыйым салынған затты, оның ішінде 13 бірлік тегіс ұңғылы қаруды тәркіледі. Есірткі заттарын сақтаудың 6 фактісі анықталды.

ТЖ режимі кезінде полиция бөлімдеріне 5 шетелдік азамат жеткізілді. Олардың кейбіреулері төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Екеуі көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Екі шетелдік сот шешімі шыққанға дейін арнайы қабылдау орнына орналастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан мен ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері күшейтілген режимде қызмет атқаруға көшірілді.