BANNER

Қасым-Жомарт Тоқаев бір палата Парламент төрағасы лауазымын өзіне дайындап жатыр деген сыбысқа жауап берді

Фото: Life09

«Turkistan» газетіне сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір палата Парламент төрағасы лауазымын өзіне дайындап жатыр деген сыбысқа жауабын айтты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

 

– Бұл – бос әңгіме. Мұндай пікір менің саяси қағидаттарыма қайшы келеді. Мен Қазақстанның президенттік басқару үлгісіндегі мемлекет екенін бірнеше рет айттым. Осыдан 8 жыл бұрын, яғни Ақордаға келгенге дейін «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын жарияладым. Жеке бастың қамын күйттеп, мемлекеттік жүйені тұтастай өзгерте салу барып тұрған жауапсыздық, тіпті, адамгершілікке жатпайтын әрекет болар еді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Мемлекет басшысы еліміз үшін аса маңызды реформаның бәрі жалпыхалықтық референдумға шығарылатынын айтты.

 

- Бұл жерде ешқандай астыртын ойлар жоқ. Менің ұстанымым баршаға белгілі, саяси реформалар жалғаса береді. Ұзақ мерзімге арналған жоспардың бір бөлігі әдеттегідей жақын арада жарияланады, - деді Президент.

 

Айта кетейік, бүгін Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланды.