BANNER

Қазақстанда енді 50 жастан асқан ер адамдар жаңа скринингтен өтеді

Фото: pexels

2025 жылдан бастап Қазақстанда 2 жылда бір рет 50-70 жастан асқан ер адамдар мидың қан айналымындағы ақауды анықтау үшін скринингтен өтеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адамдарға мидың ультрадыбыстық доплерографиясы міндетті скринингі енгізіледі. Бұл инсульт және басқа да цереброваскулярлық аурулар қаупін ерте анықтауға, сәтті емдеу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда 2024 жылы ауқымды скринингтік бағдарлама аясында 3,2 миллионнан астам азамат тексерілгенін атап өтті.

"Аурудың 120 мыңнан астам жағдайын бастапқы кезеңдерінде анықталған, бұл ерте диагностика жүйесін жетілдіру бойынша шаралардың тиімділігін растайды", – деп хабарлады ведомстводан.

Жиі кездескен аурулар:

  • Артериялық гипертензияның 118 497 жағдайы;
  • Қант диабетінің 24 901 жағдайы;
  • 6265 глаукома жағдайы.