BANNER

Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгерлік әскері біртіндеп шығарыла бастайды

-

Бүгін Парламент Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңа басшысын таныстырды. Сондай-ақ, елдегі ахуалдың тұрақталғанын айтып, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгерлік әскерінің миссиясы аяқталғанын жеткізді, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.

- Қазақстан аумағындағы ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің миссиясы сәтті аяқталды. Бітімгерлік күштерді енгізу туралы шешім қабылданған кезде біз Алматы қаласындағы ахуалды толық қолдан шығарып алуымыз мүмкін болған еді. Мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс жасаушылардың жоспары бұзылды. Алматы қаласындағы көтеріліс - менің жеке жауапкершілігім. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгерлік күштерін елден біртіндеп шығару екі күннен кейін басталады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президенттің мәлімдеуінше, бітімгерлік күштер 10 күннің ішінде ел аумағынан толық шығарылады.