BANNER

Кәмшат Жолдыбаева ана атанды

Фото: instagram.com/kamshat__zholdybayeva

Танымал тележүргізуші Анна Данченко әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваға қатысты жақсы жаңалықпен бөлісіп, желідегі оқырмандарынан сүйінші сұрады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

"Ал, сүйінші! Сүйікті әнші қыздарыңыз Кәмшат Жолдыбаева қызды болды. Бауы берік болсын! Жұғысты болсын!" - деп жазды Анна Данченко Instagram аккуантындағы stories-та.

Ал, Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазрет Қажымұқанұлы әзірге сүйінші жаңалыққа қатысты желі парақшаларында ешқандай жазба жарияламаған.