Конституция күніне орай ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Аталған шараға «Әділет» партиясының жастары белсене қатысып, Ата Заңның қоғамдағы орны мен маңызын насихаттауға өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында Конституцияның мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен құқықтық жүйесінің негізі екені айтылып, заң үстемдігін сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мәселелері кеңінен сөз болды. Қатысушылар еліміздің болашағы құқықтық мәдениеті жоғары, отаншыл азаматтардың қолында екенін атап өтті.
Мұндай тағылымды кездесулер жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, елдің дамуына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Конституция – тәуелсіздігіміздің тірегі, бірлігіміздің кепілі және әділетті қоғам құрудың берік негізі.
Шара соңында қатысушылар бір-бірін Конституция күнімен құттықтап, елімізге тыныштық, тұрақтылық пен өркендеу тіледі.