BANNER

Павлодардағы пансионатта қарттарды азаптаған

Фото: SputnikKZ

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік жасалған, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында қорқынышты фактілер ашылды: пансионат қызметкерлері тұрақты түрде екі дәрменсіз қарияны ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен.

"Жәбірленушілердің бірі 84 жаста. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған", - дейді ведомстводағылар.

Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы Қылмыстық Кодекстің 110-бабының 2-бөлігі "Қинау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қазіргі уақытта барлық кінәлі адам анықталды.

Тергеу барысы прокуратураның ерекше бақылауына алынды.