Полиция Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдіктіні анықтады

Ашық дереккөз

Баланың мәйіті 23 наурызда қаладағы пәтерлердің бірінен табылған болатын,- деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Қарағанды облысының ПД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 24 жастағы баланың анасымен бірге тұратын ер адам екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктіге қатысты іздеу жарияланып, оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

Өзге ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жариялауға жатпайды.