Парламент Мәжілісінде мәлімдеме жасаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жекелеген адамдардың қаржыларын шетелге аударуға талпыныс жасап жатқанын айтты, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.
"Кейбір тұлғалар ақшаларын шетелге шығара бастады. Сондықтан да Қаржылық бақылау агенттігіне бұл операциялардың барлығын бақылауда ұстауды тапсырамын", - деді Президент.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы кәсіпкерлер үшін бюрократиялық кедергілерді азайтатын заң жобасының әзірленіп жатқанын жеткізді.
«Бұл жүйенің өзегінде қоғам алдындағы жауапкершілігі сезіне білетін кәсіпкерлеріміздің ауқымды тобы тұратыны анық. Яғни, бұл өзінің балаларының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлер. Дәл осындай кәсіпкерлер ел болашағы үшін өзіне жауапкершілік алуға дайын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.