BANNER

Сотта Салтанат Нүкенованың бет-аузы көгерген суреті көрсетілді

Видеодан скриншот

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Сотта қайтыс болған Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіден жауап алынды. Ол Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың қалай танысып, қалай аралары суығаны, олардың арасындағы ұрыс-жанжал туралы айтып, қарындасының бет-аузы көгерген суретін көрсетті.

Оның сөзінше, Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың арасындағы алғашқы жанжал 2022 жылдың желтоқсан айында Bau мейрамханасында болған. Ұрысқа Бишімбаевтың мейрамхана қызметкерлерімен дөрекі сөйлескені себеп болған.

Ерлі-зайыптылардың арасындағы тағы бір жанжал сол жылдың 31 желтоқсанында Бишімбаевтар жиналған отбасылық кеште болады. Сол күні Салтанат өзіне күйеуі сыйлаған иіссуды қонақтарға тарту еткен. Сол үшін Қуандық әйеліне дауыс көтерген, кейін балаларына да айғайлаған. Мерекелік дастарханды қонақтардың көзінше төңкеріп тастаған.

Айтбек Амангелді 1 қаңтарда Салтанатқа хабарласқанын айтады.

«Кеше не болды?», деп сұрадым. «Қуандық қонақтар отырған үстелді ас-ауқатымен қосып айдарып тастады» деп жауап берді Салтанат», - дейді Айтбек Амангелді.

Айта кетсек, 27 наурызда 12 алқабидің қатысуымен бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың негізгі сот отырысы өткен.