Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі су тасқынына байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады,-деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.
Министрдің айтуынша, су тасқыны кезеңдері оның жеке бақылауында.
"Кешеден бері Арқалық қаласының іргесіндегі қыстаулардан тұрғындар эвакуацияланды. Жұмысқа төтенше жағдайлар министрлігі мен қорғаныс министрлігінің ұшақтары жұмылдырылды. Су тасқынын жою және адамдарды құтқару жөнінде толық ақпарат береміз. Біздің Telegram-арнамызда тәулік бойы жұмыс істейді. Жергілікті атқарушы биліктің хабарлауынша, келтірілген шығын мен оның орнын толтыру жұмыстары жүргізілетін болады", – деді Әрінов.