АҚШ президенті Дональд Трамп РФ басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы ұзақ сөйлескенін айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Америка президенті Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында Ресей басшысымен Украина, Таяу Шығыс, энергетика және басқа да бірқатар тақырыптарды талқылағанын жазды.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Трамптың телефон арқылы сөйлескенін ресми түрде растады.