Ulytaumen жаяу Түркияға жетті

Ашық дереккөз

Қазақстандық саяхатшы жаяу Түркияға жетті,- деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Ұлытаулық ақсақал Сәрсенбай Қотырашев үш мемлекеттің аумағын жаяу жүріп өтті. Ол Ресей мен Грузия арқылы түрік еліне жету мақсатында Қазақстаннан 2 тамызда шыққан.

Ақсақал әлемді өз көзімен көріп, зерттеуді, саяхаттап, Отанын танытуды бұрыннан армандаған екен.

Жаяу жүруді жақсы көретін ақсақал осылайша 2 ай ішінде Түркияға жетіп, аңызға айналған, тарихи Ыстамбұлда сапарын аяқтайды.

Әлемді жаяу аралау туралы ой Сәрсенбай Қотырашевқа 7 жыл бұрын келген. Бірақ оны орындау мүмкіндігі биыл ғана бұйырды. Бір жыл бұрын Сәрсенбай ата Қазақстанды аралап шыққан.

Еліміздің 17 облысы мен Алтайды кесіп, 8 000 шақырым жол жүрді.

Оның саяхаттаудағы мақсаты — әлем қоғамын бейбітшілік пен достыққа шақыру. Ол жол бойы кездескен адамдарға Қазақстан, қазақ тілі мен халқымыз туралы айтады.

Сонымен қатар Сәрсенбай ата адамдарға қазақ халқының құндылықтары мен мәдениетін насихаттап, тарихи фактілерді бөлісіп, қазіргі, заманауи Қазақстан туралы әңгімелеп береді.

Ulytaumen енді Еуропаны араламақ.