Қарағандыдан Қостанайға гуманитарлық көмектің алғашқы легі жөнелтілді

ашық дереккөз

Қарағанды облысы Қостанайдағы ахуалға бей-жай қарай алмады. Қиын-қыстау кезеңде орман өртінен зардап шеккен жергілікті халыққа еліміздің әр өңірінде жылу жинап жатыр.

1

Қарағанды облысы әкімдігінінің атынан гуманитарлық жүкті тиеген екі көлік жолға шықты. Онда азық-түлік, жеке бас гигиенасына арналған заттар, медикаменттер мен киім бар. Игі шараға өңірдің кәсіпкерлері, қоғам қайраткерлері мен этномәдени бірлестік өкілдері жұмыла атсалысты.

1

Гуманитарлық көмек қабылдау пунткері – Аманат партиясының филиалдары, Достық үйі және Кәсіпкерлер палатасында орналасқан. Бүгін шалғай аудандардан қосымша көмек келеді. Жиналған гуманитарлық көмек бірден Қостанайға жөнелтіледі.

1

Қарағандылықтардың көмегі киім-кешекпен шектелмейді. Ашық қоғамдық бірлестіктер бірегей қор ашып, ақшалай жинайды деп жоспарланған. Толыққанды ақпарат әкімдіктің ресми сайтында.