Қазақстанның ТЖМ хабарлауынша, "Қазавиақұтқару" санитарлық борты Ақтөбе облысындағы науқасты Астанаға жеткізді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
50 жастағы ер адам - 23 қазанда "Самара-Шымкент" тас жолында болған жол апатында зардап шеккендердің бірі.
"ТЖМ ұшағының экипажы мен медициналық бригада науқастың қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз етті. Ұшу сәтті орындалып, ер адам Астанаға жеткізілді. Ол астаналық мамандардың бақылауымен емделуді жалғастырады", - деп хабарлады құтқарушылар.
Еске салайық, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен жолаушылар мінген "Гащель" соқтығысты.
Салдарынан екі жүргізушісі, "Газельдегі" он жолаушы оқиға орнында қаза көз жұмды және бес адам Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді.
Кейінірек жан түршігерлік жол апатын тергеу үшін үкіметтік комиссия құрылды, ал облыстық әкімшілік марқұмдар мен жарақат алғандардың отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсетуге уәде берді.
