16 қыркүйекте қарағандылықтар тегін құқықтық көмек ала алады

Қарағанды облысы әкімдігі

"Халық заңгері" жалпыреспубликалық акциясы 16 қыркүйекте Қазақстанның барлық қалаларында өтеді. Шараға құқықтық көмекке мұқтаж барлық адамдар қатыса алады. Сұрақтарға заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік мекеме өкілдері жауап береді.

Қарағанды қаласы бойынша шара Космонавтов көшесі 1В мекен-жайы бойынша «Таир» сауда үйінде өтеді. Басталуы – 16:00. Кіру тегін. Ақыл-кеңес те тегін.

"Халық заңгері" жалпыреспубликалық акциясын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ZAKON.KZ желілік басылым, "Параграф" ақпараттық жүйесімен, мемлекеттік органдармен, елдің жетекші заңгерлерімен және адвокаттарымен ұйымдастырылған.

Қосымша ақпаратты 8-702-814-82-81 нөмірі арқылы алуға болады.