BANNER

Арнайы құқықтық режим: Өңірлік дамуға жаңа серпін - Айдарбек Ходжаназаров

Фото: Life09

Депутаттың айтуынша, Конституция жобасындағы 5-бап қаржы саласында және қарқынды даму аймақтарында арнайы құқықтық режим енгізуге мүмкіндік береді. Бұл норма жаңа технологиялар мен цифрлық қаржы құралдарын сынақтан өткізіп, инвестиция тартуға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Мәжіліс депутатының сөзінше, «мемлекеттік басқару лабораториялары» тетігі арқылы жекелеген өңірлерде құқықтық және экономикалық ережелер жеңілдетіліп, нақты бір саланы дамытуға жағдай жасалады. Бұл, әсіресе, дотациялық өңірлердің әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.