«Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Жигули Дайрабаев жаңа Конституция жобасында «республикалық референдум» термині «жалпыхалықтық референдумға» өзгертілгенін атап өтті.
«Парламент арқылы түзетулер енгізу мүмкіндігі алынып тасталады. Жаңа жобада халықтың пікірі шешуші фактор ретінде бірінші орынға қойылады», - деді ол.
