Дүкендердегі сөрелердің 30 пайызын қазақстандық тауарлар алуы тиіс

Сурет: «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ҚФ баспасөз қызметі

Сауда объектiлерi 100 шаршы метрден бастап сауда алаңының немесе сөре кеңiстiгiнiң кемiнде 30 процентiн отандық өндiрiс тауарларына бөлуге мiндеттi. Жаңа талап азық-түлік өнімдеріне де, азық-түлікке жатпайтын өнімдерге де қолданылады.

Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Абзал Рахымбаев түсіндіргендей, қазақстандық тауарлар арнайы бағалармен немесе «Қазақстанда жасалған» деген таңбамен белгіленуі тиіс. Егер қазақстандық өндірушілер тауарларды жеткізуге өтінім бермесе, сауда желілері отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімі арқылы жеткізушілерді таңдай алады.

– 30 пайыз норма әрбір тауарлық шағын санат пен санатқа, сондай-ақ жалпы сауда объектісіне қолданылады. Талап бірінші санаттан төртінші санатқа дейінгі дүкендерге қолданылады. Алаңы 100 шаршы метрден кем сауда нысандары одан босатылды, – деп атап өтті Абзал Рахымбаев.

Жаңа шара отандық өндірушілерді қолдауға, қазақстандық өнімдердің ішкі нарыққа қатысуын кеңейтуге және тауар өндірушілер мен сауда желілері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ҚФ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша